Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

БҚО-да ер адам 176 кг бекіре балығымен ұсталды

2019 жылдың 11 қараша 2019 16:51

ОРАЛ.ҚазАқпарат –Батыс Қазақстан облысында бекіре балығын заңсыз тасымалдап бара жатқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, полицейлер Орал-Желаев тасжолында түнгі уақытта жүк көлігін тоқтатқан. Рульде Орал қаласының 48 жастағы тұрғыны болған. Тексеру барысында көліктің кузовынан 176 кг бекіре тұқымдас балық анықталды. Ер адамның балықты тасымалдауға тиісті құжаттары болмаған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салайық, БҚО-да 348 дана киік мүйізімен ер адам ұсталған болатын.










Жоғары қарай