Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал

2019 жылдың 9 шілде 2019 16:20 1000

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 10 шілде күні кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады.

Бұршақ жаууы ықтимал.

Орал қаласында да найзағай ойнайды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралардың қолға алынып жатқанын жеткізді.

Жел бүгін де көтеріліп, күн күркіреп, жауынды-шашынды болып тұр.

 

 

 

Жоғары қарай