Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

БҚО-да тұман түсіп, көктайғақ болады

2019 жылдың 8 наурыз 2019 16:43 1050

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 9 наурыз күні кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған қоса оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Облыс орталығы Орал қаласында да күн бұзылып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

«Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандар мен электр, байланыс желілерінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар алынуда», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне БҚО ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауылдан жаяу шыққан бес тұрғынның далада қалғанын жазған болатынбыз.

 

 

Жоғары қарай