Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

БҚО-да тұрғын үй өртеніп, бес балалы отбасы баспанасыз қалды

2019 жылдың 14 маусым 2019 18:02

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазталов ауданында тұрғын үй өртеніп, бес балалы отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 маусым күні Жаңажол ауылдық округіне қарасты Әбіш елді мекенінде болды.

Жасмағамбетов көшесі 29/2 мекенжайында 2 пәтерлік тұрғын үйдің өртенгені жөнінде сағат 13.25-те хабар түскен. №2 пәтер түгелдей жанып кетті.

Өрт сағат 16.03-те оқшауланып, 16.31-де сөндірілді.

Өрттің жалпы аумағы 90 шаршы метрді қамтыды. Оған қоса үйдің екінші жағындағы пәтердің де 30 шаршы метрі жарамсыз болып қалды.

Денесін жеңіл күйік шалған аталмыш пәтер иесі, 1980 жылғы Нәсіпқали Байғазиев Жалпақтал ауруханасына жеткізілді.

Н.Байғазиев маусымдық жұмыс кезінде от жағушы болса, әйелі Клара Ермұқанова - мектепте кіші қызметкер. Ерлі-зайыптылар отбасында бес бала тәрбиелеп отыр.

Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қайыржан Өмірәлиевтің айтуынша, үй тұруға жарамсыз. Отбасы күні бүгін Нәсіпқали Байғазиевтің анасының үйінде тұрып жатыр. Олардың бір баласы Таразда студент, екіншісі Оралда. Тағы бір перзенті биыл мектеп бітірді. Қалған екеуі 6-7-сыныптарда оқиды.

«Қазіргі кезде аталған отбасына азық-түлік берілді. Ауылдастар тұрмыстық техника алып беру үшін ақша жинауда. Ақсақалдар алқасы мектеп жасындағы балаларына киім-кешек алу үшін қаржылай көмектеспек. Сонымен қатар шаруа қожалығының жетекшісі Тілек Сапаров үй берді. Бұл тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін Байғазиевтің отбасы кіретін болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Қ.Өмірәлиев.

Жоғары қарай