Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

БҚО-да жел күшейіп, көктайғақ болады

2019 жылдың 10 наурыз 2019 14:28 1094

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 11-12 наурыз күндері кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын  желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, қалың тұман түсіп, көктайғақ болады.

Орал қаласында да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

"Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар жасалуда", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қар тез еріп, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, ағын сулар көбейетіні жөнінде жазған болатынбыз.

 

 

Жоғары қарай