Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

2019 жылдың 27 қазан 2019 18:52

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 25 қазан күні кешкісін Орал-Тасқала жолы бойында орын алды.

Сағат 19.05-те Бәйтерек ауданы Белес ауылынан Орал-Тасқала жолына бұрылар тұста 1993 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» көлігімен жол бермей, «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. 1988 жылғы жүргізуші айдаған жүк көлігі Тасқалаға қарай кетіп бара жатқан.

Жол апатынан жеңіл көлікте болған 1989 жылғы ер адам оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша жамбас тұсынан жабық сынық жарақатын алған жүргізуші, жабық бас-ми жарақатымен 1989 жылғы әйел, жамбасы сынған 2015 жылғы қыз бала және жабық бас-ми жарақатына қоса миы шайқалған 2013 жылғы қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Бұлардың бәрі де «Лада Гранта» автокөлігінде болған.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғары қарай