Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

БҚО-дағы Шалқар көлінде төрт адам құтқарылды

2019 жылдың 9 шілде 2019 23:36

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданындағы Шалқар көлінде төрт адам құтқарылды, оның екеуі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 шілде күні орын алған. Сағат 17.05-те 112 телефонына көлде желдің үрлемелі қайықта отырған адамдарды белгісіз бағытқа ығыстырып кеткені жөнінде хабар түскен.

Құтқарушылар Асылбек Майтанов пен Аслан Алдияровтың кәсіби іс-әрекеттері арқасында сағат 17.45-те жағадан алты шақырымға ұзап кеткен 2008 жылғы Н.Мереева, 2011 жылғы Н.Нұриман, 1986 жылғы жылғы А.Мереев пен С.Наурызғали табылып, құтқарылды. Олардың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажетсінбеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ер адамның балық аулаймын деп жүріп суға кеткенін және жер қазу жұмыстары кезінде тағы бір тұрғынның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.




null

Жоғары қарай