Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Боксшы Рой Джонс қолғабын Түркістанға сыйға тартты

2019 жылдың 20 шілде 2019 18:05

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Америкалық кәсіпқой боксшы Рой Левеста кіші Джонс Түркістанға өзінің былғары қолғабын сыйлап, қала әкімі Рашид Аюповты жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Рашид Аюпов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Аңызға айналған америкалық боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы және менің бауырым Рой Джонс Түркістан қаласына сый тарту етті. Ол қаламызға қонаққа келіп, қолдау көрсетуге уәде берді. Қала күнінде келеді деп күтіп отырмыз», - деп жазады шаһар басшысы.

Ол сондай-ақ боксшының әкімді жаңа қызметімен құттықтап, таяуда Түркістанға келетіні туралы айтқан видеосын жариялады.

Жоғары қарай