Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Бокстан ӘЧ: Василий Левит қола медальді қанағат тұтты

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 18:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

91 келі салмақта ел намысын қорғаған Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық Василий Левит қола медаль иегері атанды.

Ол жартылай финалда эквадорлық Хулио Кастильоны бұрыштан-бұрышқа қуалап, ауыр соққылардың астына алды. Жекпе-жек аяқталғанда жерлесіміз өзінің жеңісіне сенімді болды. Алайда, күтпеген жерден төрешілер жеңісті 2:3 есебімен қарсыласының қолын көтерді.

Осылайша үшінші қазақстандық боксшы әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов пен 75 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет қола медаль жеңіп алған болатын.

Жалпы, бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 6 боксшымыз шыққан. Енді кешкі сессияда Абылайхан Жүсіпов (69) Ресей құрамасының капитаны Андрей Замковпен жекпе-жекке шықса, Бекзат Нұрдәулетов (81) төрт дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен жұдырықтасады. Сондай-ақ, жарыс күнінің соңында Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса) аустралиялық Юстис Хунимен финалдық айқасқа түседі.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Бокс, Ресей, Спорт,
Жоғары қарай