Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Бокстан ӘЧ: Василий Левит те жүлдесіз қалмайтын болды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 17:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екатеринбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Василий Левит жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

В.Левит ширек финалда 91 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хуссейн Яшаишпен шаршы алаңда шеберлік байқасты.

Қос боксшы да барын салғанымен, Василий өзіне тән мәнермен, көбірек жұдырық жұмсады.

Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті В.Левитке берді.

В.Левит биылғы әлем чемпионатында словакиялық Давид Михалек пен украиналық Марат Григорянды жеңген еді.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері В.Левит дүниежүзілік додаға осымен үшінші рет қатысып отыр. 2009 жылы жүлдесіз оралса, 2017 жылы қола медальді қанағат тұтқан еді. Енді кемінде қола медаль қоржында.

Қалған төрт боксшымыз бүгін кешкі сессияда рингке шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың ширек финалда кімдермен кездесетінін, Сәкен Бибосынов пен Тұрсынбай Құлахметтің жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Әлем, Ресей, Бокс,
Жоғары қарай