Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Бокстан Әлем чемпионаты: Дариға Шәкімова алғашқы жеңісіне жетті

2019 жылдың 4 қазан 2019 19:21

УЛАН-УДЭ. ҚазАқпарат – Бокстан қыздар арасында Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық Дариға Шәкімова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дариға Шәкімова бүгін Чехиядан келген Мартина Шморзановамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан қазақстандық боксшыны жеңімпаз таныды. Осылайша, Дариға Шәкімова жарыстың 1/8 финалдық сатысына жолдама алды.

Дариға Шәкімова 1988 жылы жүниеге келген. 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Ал 2010, 2015 жылдары Азия чемпионы атағына қол жеткізді.

Айта кетейік, кеше Назым Қызайбай (51 келі) жапон спортшысы Намики Тсукимиден, Алуа Балқыбекова (48 келі) өзбекстандық Гүласал Султоналиевадан жеңіліп қалған еді.

Еске салайық, бокстан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек Әлем чемпионатына он салмақта шәкірттерін алып барды. Олардың қатарында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дана Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Ақерке Бақытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) бар.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Ресей, Спорт,
Жоғары қарай