Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Бокстан әлем чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев та медальге таласады

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 22:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта бүгін Нелви Тифакпен шеберлік байқасты.

Қамшыбек биылғы әлем чемпионатында бұған дейін бір ғана жекпе-жек өткізді. Жарыстың 1/8 финалында ол испаниялық Аюб Гадфадан басым түсті.

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы 18 қарашада дүниеге келген. Бүгінгі күнге дейін 2017 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленсе, сол жылы Азия чемпионатында екінші орын алды.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар қатарынан Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) жартылай финалға жолдама алған еді.

Ал Қайрат Ерәлиев алған жарақатына байланысты өзбек жігіті Миразизбек Мирзахалиловке жол берді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Ресей, Бокс,
Жоғары қарай