Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Бокстан әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет америкалық боксшыны жеңді

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 21:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы бүгін АҚШ-тан келген Хавьер Мартинеспен қолғап түйістірген еді. Жекпе-жек үш раундқа созылды. Тұрсынбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Төрешілердің барлығы оның жеңісіне қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетелік, Тұрсынбай әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді. Ол алғашқы кездесуінде чехиялық Милош Бартлды қапы қалдырды.

Сондай-ақ, бүгін әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов (69 келі) таиландтық Вуттичай Масукты жеңді. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды.

Әлем чемпионаты 9 қыркүйекте басталды. Дүбірлі дода 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай