Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Бокстан әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 10:00

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Ол алғашқы айналымда чехиялық Милот Бартлды жеңді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

75 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Тұрсынбай Құлахмет чехиялық боксшыны оңай жеңді. Ол екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Қазақстандық боксшының нық соққыларына орай төрешілер жерлесіміздің жеңісіне де күмән келтірген жоқ.

Қазылар бірауыздан Тұрсынбай Құлахметті жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, кеше рингке шыққан қазақстандық боксшылар түгелдей келесі айналымға өтті. Тұрсынбай Құлахметтен бөлек, 52 келідегі Сәкен Бибосынов пен Зәкір Сафиуллин де әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады.



Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай