Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Болат Бақауов: Ертіс өзені түбін тереңдету бойынша комиссия құрылады

2019 жылдың 14 қараша 2019 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертіс өзенінің түбін тереңдету мәселесі үкіметтік деңгейде шешіледі.  Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңірлік ынтымақтастық форумында Омбы қаласының губернаторымен бірге Ертіс өзенінің түбін тереңдету мәселесін көтердік. Бұл – жан-жақты зерттеуді қажет ететін мәселе. Ең бастысы, мамыр мен шілде аралығында өзен толы болғанда жүк тасымалдай аламыз. Шілде, тамыз, қазан айларында мәселе қиындай түседі», - деді Б. Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, өзен түбін тереңдету мәселесін зерттеу үшін арнайы комиссия құрылады.

«Біз арнайы комиссия құрамыз. Бізге кеменің батып тұруы тиіс су көлемі керек. Сонда өзен арқылы жанар-жағармай таси аламыз. Ең бастысы, бұл мәселе экономикалық тұрғыда Омбы облысын ғана емес, Қорған қаласын да қызықтырып отыр. Яғни, жалпы Қазақстан мен Ресей үшін қызық тақырып болып отыр. Мұнымен үкіметтік деңгейде айналысамыз», - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордада 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Жоғары қарай