Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Болгария өкілі Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды

2019 жылдың 3 тамыз 2019 08:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ елдері Болгария өкілі Кристалина Георгиеваны Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры етіп сайлады, деп хабарлайды euronews.com.

Сайлау фрнцуздық қаржы ведомоствоның басқаруымен электрондық пошта бойынша өткізілді.

Георгиева Еуропалық орталық банкі басшысы лауазымына ұсынылуына байланысты отставкаға өтініш білдірген Кристин Лагардтың орнын басуы мүмкін.

Сайлаудың соңғы кезеңінде Георгиева мен Нидерланд өкілі Йерун Дейсселблум арасында қатты тайталас болды. Тек дауыс берудің төртінші турында ғана Георгиеваға жеңіске жетудің сәті түсті.

Кристалина Георгиева экономист және профессор, тұрақты даму бойынша эксперт.

2017 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры болған. Оның кандидатурасын әсіресе Франция қатты қолдады.

Басты сөздер: Қаржы, Әлем,
Жоғары қарай