Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Бортта жарылыс болуы қаупінен күдіктенген ресейлік ұшақ Бакуге қонды

2019 жылдың 11 наурыз 2019 20:23 940

БАКУ/ЕКАТЕРИНБУРГ. ҚазАқпарат - Бахрейннен Мәскеуге бағыт алған «Уральские авиалинии» компаниясының ұшағы командирінің бортта бомба болуынан күдіктенуіне байланысты дүйсенбі күні Бакуге қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Гейдар Әлиев әуежайының  баспасөз қызметінен хабарлады.

Бахрейннен Мәскеуге ұшқан «Уральские авиалинии»  әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы дүйсенбі күні Баку уақытымен сағат 14.56-да халықаралық әуежайға сәтті қонды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі мәжбүрлі қонуға себеп «әуе кемесі командирінің ұшақ бортында бомба болуынан күдіктенуіне байланысты болды», - деп түсіндірді.

«Лайнер бортында экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 225 адам болған. Әуе кемесінің командирі жолаушыларды шұғыл эвакуациялауға шешім қабылдады», - делінген хабарламада. 

Әзербайжан мемлекеттік қауіпсіздігі қызметінің баспасөз қызметі ТАСС тілшісіне оқиғаға байланысты әзірге ешқандай деректердің анықталмағандығын мәлім еткен.

 

 

 

Басты сөздер: Ресей, Әзербайжан, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай