Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Борыш жүктемесін төмендетуге қосымша қаражат сұралған жоқ –  Еңбек министрлігі

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі борыш жүктемесін төмендету үшін қосымша қаражат сұрағаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылы борыш жүктемесін төмендету үшін қосымша қаражат сұрағаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп хабарланды министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

ҚР азаматтары үшін борыш жүктемесін төмендету 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілді және бір реттік қана акция болды.

«Бұл науқан өткен жылы аяқталды, оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 115 млрд теңгеге 554 мың адам үшін кепілсіз тұтыну кредиттері бойынша берешектер өтелді», - дейді министрлік.


Жоғары қарай