Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Браконьерлер қолынан мерт болған Ерлан Нұрғалиевтің танымал суреті аясындағы ұл мен немере

2019 жылдың 16 маусым 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қапыда браконьерлердің қолынан мерт болған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің Қазақстан халқына танымал болған суреті аясында оның ұлы мен немересі суретке түсті. Суретті ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш ұрпақ. Суретте батыр Ерлан Нұрғалиевтің ұлы мен немересі», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Естеріңізге сала кетейік, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык Қарағанды облысының Нұра ауданының аумағына рейд жүргізу барысында атып алынған 5 киікті табады.

Киікті атқан адамдардың ізіне түскен инспекторлар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ екі көлікті қуып, оның бірін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру барысында белгісіз адамдар қарсылық көрсеткен. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, пышақ жарақатын алса, екінші инспектордың миы шайқалып, ес-түсінен айырылып қалған.

«Инспекторлар көліктердің бірін тоқтатқан кезде одан үш адам шығып, қарсылық көрсеткен. Олар П.Ницык пен Е.Нұрғалиевті соққыға жыққан. Сонымен қатар олар инспекторлардың көлігінің кілті мен GPS құрылғыларын алып кеткен. Осы әрекеттері арқылы олар инспекторларды өлім ауызында қасақана қалдырған. Ницык бірінші есін жиып, ес-түссіз жатқан Нұрғалиевті көрген. Содан кейін радио арқылы екінші экипажға хабар берген», - деген еді ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқаманов.



null

Ақыры, дәрігерлер құтқара алмай, Ерлан Нұрғалиев ажал құшады. Инспектордың өлтірілуі мен браконьерлердің шектен тыс бассыздығы қоғамды бей-жай қалдырған жоқ. Әлеуметтік желілер мен БАҚ бұл мәселені жарыса жазып, мемлекеттік органдар да тіл қатты. Тіпті ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысында браконьерлермен қақтығыста зардап шеккен инспекторлар бойынша істі жеке бақылауына алды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де уақытша оқшаулағышқа қамалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жалғасуда.

Ерлан Нұрғалиевтің сын сағатты ерлігі халықты да, халық қалаулыларын да бей-жай қалдырған жоқ. Мәжіліс депутаттары инспектор Ерлан Нұрғалиевке «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынды.

Халықтың да, халық қалаулыларының да өтініші орындалып, марқұм Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкқа ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені берілді.



null

Басты сөздер: Экология, Интернет,
Жоғары қарай