Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Браконьерлікпен күрес: Жамбыл облысында бір айда 5 қылмыстық іс қозғалды

2019 жылдың 22 қазан 2019 22:23

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Браконьер» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара аясында ағымдағы жылдың 5-31 қазаны аралығында аймақтың флорасы мен фаунасына қатысты браконьерлік әрекеттердің жолын кесу үшін Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау бөліністері кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда. Сондай-ақ осы мақсатта мобильді іздестіру топтары құрылған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.




«Бүгінгі таңда 5 қылмыстық іс қозғалып, 46 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды. Онда заңсыз аң аулау, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану, жер қойнауын өз бетімен пайдалану фактілері тиіркелген. Бүгінде бұл қылмыстық істерге қатысты ҚР ҚК-нің 339-ыншы, 337-інші, 334-інші және 340-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ведомство мәліметінде.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Үдергеновтің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары тарапынан жандандыруды талап етеді. Өйткені облыс аумағында жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығының су қоймалары жеткілікті.




Жоғары қарай