Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Британдық дәрігерлер сиам егіздерін ажыратты

2019 жылдың 16 шілде 2019 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық хирургтер бастары қосылып кеткен пәкістандық сиам егіздерін екіге бөлу отасын сәтті аяқтағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Guardian газетінің жазуынша, 50 сағатқа созылған күрделі әрі көп сатылы ота Лондонның алдыңғы қатарлы балалар ауруханаларының бірінде жасалған. Бұған әртүрлі салалардың 100-ден астам маманы қатысты. Олардың қатарында кәсіби дәрігерлер мен биоинженерлер бар.

Хайбер-Пахтунхва провинциясының Чарсадда қаласынан келген екі жасар Сафа мен Марва бас сүйектері қосылып туған, қан тарату жолдары да ортақ. Басылымда хабарланғандай, егіздерді ажырату туралы бағдарлама өткен жылдың соңында басталып, бірнеше кезеңмен өткізілген. Алғашқы ота 2018 жылдың қазан айында жасалды. Ол кезде қыздар небәрі 19 айлық болған. Екінші ота екі айдан кейін өткізілген. Алайда апалы-сіңлілі тек ақпан айында өткізілген жеті сағаттық отадан кейін ғана толықтай екіге ажыраған.


Басты сөздер: Медицина, Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай