Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Британдық мамандар Қазақстанның ұшуды реттеудің жаңа моделіне көшуіне көмектеседі

2019 жылдың 21 қазан 2019 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - 21-25 қазан аралығында азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу бойынша техникалық жәрдем көрсету туралы келісім шеңберінде Британдық азаматтық авиация агенттігі (UK Caa) сарапшылары Қазақстанға келеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бірінші кезеңде британдық сарапшылар Қазақстандағы заңнаманы талдап, EASA/ЕО (Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі) ережелерін одан әрі енгізу және оларды Британдық азаматтық авиация агенттігінің моделімен сәйкестендіру жолдарын ұсынады.

«Авиациялық әкімшілік қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша (ұшуда пайдалану, ұшу жарамдылығы, аэродромдар және жердегі қызмет көрсету, аэронавигация, авиациялық қауіпсіздік, авиациялық заңнама, авиақызметкерімен жұмыс) шетелдік және отандық сарапшылардан бірлескен жобалық топ құрылды. Оның құрамында: Питер Гриффитс – »Қазақстанның авиациялық әкімшілігі« АҚ Бас директоры, Роб Ерскайн —CAAi Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша халықаралық операциялардың жетекшісі, Грэмхэм Уилер — CAAi халықаралық техникалық ресурсының жетекшісі, Дэн Эдвардс — CAAi аға саяси талдаушысы, сондай-ақ Қазақстан Азаматтық авиация және авиациялық әкімшілік комитетінің мамандары бар», - деп хабарлады ААК.

Жобалау тобының жұмысы шеңберінде «ЭйрАстана», «Скат», «Қазавиақұтқару» авиакомпаниясының, Азаматтық авиация академиясының, әуежайлардың, аэронавигацияның өкілдерімен өткен өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесулер мен презентациялар, семинарлар, сондай-ақ кездесулер өтеді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 7 қазанында Лондонда Халықаралық Азаматтық авиация агенттігі (CAAi) мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу бойынша техникалық көмек көрсету туралы шарт жасалған болатын..

Реттеудің жаңа жүйесі авиакөлік секторының өсуін қолдайды және Қазақстанның авиация саласының сапалы серпілісі үшін негіз болады. Азаматтық авиация комитеті соңғы 1,5 жыл ішінде азаматтық авиацияның негізгі заңына және 61 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге тиісті өзгерістер әзірлеп, енгізді.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» ұшу қауіпсіздігінің салалық реттеуіші жоғары халықаралық деңгейде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін болады, бұл азаматтық авиацияны тұрақты дамыту және Қазақстан арқылы авиатранзиттің тартымдылығын арттыру үшін де негіз болады.

Жоғары қарай