Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Британияның Эссекс графтығында жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды

2019 жылдың 23 қазан 2019 22:05

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Эссекс графтығының Таррок қаласында контейнерлік жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды. Олардың 38-і – ересек, біреуі жасөспірімнің мүрдесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Independent» британдық газетіне сілтеме жасап.

Полицияның болжамы бойынша, жүк көлігі Болгариядан келіп, Уэльс графтығының Холихед порты арқылы ел аумағына 19 қазанда кірген.

Жергілікті полицияның мәліметінше, құқыққорғау органдары қылмыстық іс қозғаған. 25 жастағы солтүстікирландиялық жүк көлігінің жүргізушісі адам өлтірді деп айыпталып отыр. Мәйіттерді сәйкестендіру процесі басталып кетті. Алайда полиция бұл іс ұзаққа созылуы мүмкіндігін болжап отыр.

«Эссексте болған қайғылы оқиға мені қатты күйзелтті. Оқиға орнынан соңғы жаңалықтарды тұрақты түрде алып отырамын. Ішкі істер министрлігі нақты не болғанын анықтау үшін Эссекс полициясымен тығыз байланыста болады», - деп жазды Twitter-дегі парақшасында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон.




Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай