Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Бүгін қазақстандықтар Айдың ерекше құбылысын көре алады

2019 жылдың 31 қазан 2019 08:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 31 қазан күні кешкісін әдемі көріністі тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 қазан кешке жаңа туған Ай (фаза 0,15) Юпитер ғаламшарына (жарқылы 19 жұлдыздық шама) жақындайды. Күн батқаннан кейін, шамамен Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де бір-біріне айтарлықтай жақындай түседі. Ол кезде Ай мен Юпитердің қашықтығы 8 бұрыштық минут болады.

«Бұл құбылысты Ресейдің барлық аумағында (солтүстік өңірлерден басқа), Украинада, Беларусь, Молдова, Балтық маңы, Кавказ және Орталық Азия елдерінде байқауға болады, деп жазған «Астрономия» сайты.

Басты сөздер: Ғарыш,
Жоғары қарай