Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Фариза» спектаклі болмай қалды

2019 жылдың 16 қараша 2019 20:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, басты кейіпкер - Фариза Оңғарсынованы сомдайтын актриса Назгүл Қарабалинаның сырқаттанып қалуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрында қойылатын «Фариза» спектаклі өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған қойылымның премьерасы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында өткен болатын.

«Бұл спектакль талай шаһарды аралады. Бұл - Мәскеуге барып, көрермен қошеметіне бөленіп келе жатқан туынды еді. Кеше Назымға (Қарабалина - автор) «Бұл - ғарыш. Сен теңдессіз образ жасадың» деп айтып едім. Бүгін басты кейіпкерді сомдайтын жалғыз актриса өзі болатын. Оны алмастыратын артист жоқ. Бүгін оның денсаулық жағдайына байланысты қиындық туындады. Біз оның сахнаға шыққанын қалап, көп жұмыс істедік. Дәрігерлер сахнаның сыртында. Сіздерден кешірім сұраймыз», - деді драматург, пьеса авторы Роза Мұқанова.

Идея авторы және спектакльдің бас продюсері, компания жетекшісі - Айнұр Көпбасарова. Пьесаны продюсерлік орталықтың тапсырмасымен драматуг Роза Мұқанова жазған.

Композиторы - Ренат Гайсин. Режиссері - Фархат Молдағали.

Еске сала кетсек, аталған спектакль елордада 15-16 қараша күні өтуі керек болатын.

Жоғары қарай