Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

«Бүгінгі жас - ертеңгі ел тірегі» форумы 100-ге жуық жеткіншектің басын қосты

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 19:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдер және еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған «Бүгінгі жас - ертеңгі ел тірегі» атты форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға бағытталған іс шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Зеренді ауданындағы «Aurora Garden» демалыс орнында облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен жастар форумы өтті. Оған облыстың әр өңірінен 100-ге жуық бала мен жасөспірім қатысты. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, форумға әр ауданнан 3-5 оқушы таңдап алынған.

«Форум аясында «Көшбасшы қасиетін дамыту» тренингі, «Мен жеңімпазбын!» атты көңілді спорттық жарыс, «Үздік көшбасшы» байқауы өткен. Байқау қорытындысы бойынша облыстық дарынды балаларға арналған №3 мектеп интернатының оқушысы Аян Жаңабеков - бірінші, Целиноград ауданынан келген Амир Махмет - екінші, Астрахан ауданынан келген Дильназ Момышева - үшінші орын иеленді.

«Жігерлі көшбасшы» аталымы бойынша көкшетаулық Лаура Файзулла, «Өжет көшбасшы» аталымы бойынша Жақсы ауданынан келген Әлия Әшім, «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша бурабайлық Мерей Айтмағамбетов пен атбасарлық Әмина Бағысова және есілдік Алина Франц жеңімпаз атанды», - дейді Динара Сәдуақасова.

Шара соңында белгілі кәсіпкерлермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Жоғары қарай