Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Бурабайда жарысқа келген 17 жасар бозбала көз жұмды

2019 жылдың 21 шілде 2019 13:03 1620

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Жас құтқарушы» халықаралық жарысына қатысуға келген жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 19 шілде күні 16:20-де Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде жасөспірімнің суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. Марқұмның аты-жөні - Мұхамед Колигов.

«Мәйіт бірден Көкшетау қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 20 шілдеде сараптама жасатып, құжаттарды рәсімдегеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Сол жерден «Эйр Астананың» КС 341 ұшағымен Шымкент қаласына жөнелтуге тиіс болатын. Алайда, рейс белгісіз себеппен екі рет кейінге қалдырылды. Бүгін таңертең марқұмның денесін Шымкентке жеткізіп, туыстарының қолына беру үшін әрі қарай Таразға алып кетті», - деп мәлім етті облыстық ТЖД.

Ведомствода атап өткендей, қайғылы оқиға «Жас құтқарушы» халықаралық жарысы аяқталғаннан кейін болған.

«Тараздық команда 19 шілде кешкі 22:30-да пойызға мініп, жолға аттануға тиіс болатын. Сондықтан сапар алдында қатысушылар Бурабай курортын аралауға шыққан. Балалардың жанында жаттықтырушы мен команда өкілі болған», - деп қосып өтті ведомстводан.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай