Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Бурабайдың сауықтыру орталықтары Арыс қаласынан 100 баланы қабылдауға әзір

2019 жылдың 24 маусым 2019 23:42 757

КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат - Ақмола облысының активі   Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Ұлы Далада қиын-қыстау кезде адамдардың бір-біріне көмек қолын созу дәстүрі бар. Бірінші көмек балаларға қатысты. Бүгінгі күні Щучинск-Бурабай курорты аумағындағы балалардың сауықтыру орталығының бесеуі 100 баланы қабылдауға әзір. Қазіргі кезде Арыс қаласының әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп, тізімі нақтылануда. Бұл бастамаға бизнес-қауымдастық,  мемлекеттік емес ұйымдар,  жалпы,  жергілікті қауымдастық атсалысуға белсенділік танытып отыр», дейді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Арыс, Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай