Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Бұрқасын, көктайғақ - 18 қазан күнгі ауа райы болжамы

2019 жылдың 18 қазан 2019 05:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Басым өңірде жауын жауады. Шығыста қатты жауын-шашын болжанады. Еліміздің тек батыс және оңтүстік бөлігінде күн райы ашық болады. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде екпінді жел тұрып, көктайғақ, тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын, көктайғақ болжанады. жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерін тұман басып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Сондай-ақ түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 3 градус үсік жүреді.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай