Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Бұрқасын, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соққан желдің күші түнде 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20, 25 м/с артады. Өскемен қаласында күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Семей қаласында күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде жекелеген аумақтарда 15-20 м/с артады. Ақтау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болжанады. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, 23-28 м/с. Петропавл қаласында қар, бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с артады. Атырау қаласында көктайғақ, 15-18 м/с екпіндегі жел болжанады.

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен жел соғатыны болжанады.


Жоғары қарай