Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Бұрынғы әскери қызметшілер елордадағы жаңа үйге көшті

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 15:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері қатарында бұрын қызмет еткен әскери қызметшілерге елордада пәтер кілті берілді. Бүгінгі таңда Қазақстан әскерінде жүргізіліп жатқан ауыстыру бағдарламасы аясында 12 әскери қызметшінің отбасы жеке баспанаға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілердің барлығы ҚР Қарулы Күштерінде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен. Осыған дейін олар отбасымен Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қызметтік пәтерлерде тұрған. Атап айтқанда, Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстары, Алматы, Аягөз, Жаркент қалалары мен Жетіген кентінде тұрып келді.

«Бүгінгі күні қызметін аяқтаған әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін баспанамен алмасу бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында жекешелендірілмейтін қызметтік пәтерді қаладағы пәтерге жекешелендіріп, оны қалдық бағамен жекеменшік етуге болады. ҚР Қорғаныс министрлігі ресми сайтының «тұрғын үймен қамтамасыз ету» бөлімінде алмасуға қолжетімді пәтерлер тізімі, сондай-ақ қажетті құжаттардың тізімі мен іс-әрекет алгоритмі көрсетілген. Алмасуға ұсынылған пәтерлердің құрылыс жылдары мен ауданы бойынша бөлінген, бұдан қалдық бағасы өзгереді. Көп жағдайларда қалдық бағасы нарықтағы бағадан екі немесе бірнеше есе төмен болады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Ақмола және Қостанай облыстарында пәтер ауыстыруға қолжетімді» делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталмыш бағдарламаны 100-ден астам отбасы қолданған. Бұл ретте 664 бұрынғы әскери қызметші жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұрып жатыр, сондай-ақ ауыстыруға құқығы бар. Олардың барлығы әскерде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет етіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан әскерінің қатарынан кеткен.

2020 жылы ақысыз жекешелендіру құқығы орнына ақшалай өтемақы төлемін бастау жоспарланып отыр. Оны жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын, әскерде 20 және одан да көп жыл қызмет еткен, 2018 жылға дейін қызметін аяқтаған бұрынғы әскери қызметшілер алады.











Айта кетейік, Қарулы Күш қатарында 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен және 2018 жылы 1 қаңтарға дейін Қазақстан армиясының қатарынан кеткен бұрынғы әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін Қорғаныс министрлігі тұрғын үй заңнамасына өзгеріс енгізу туралы бастама көтерген-ді. 2018 жылғы 1 қаңтарда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6.1-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес әскери қызметшілердің осы санаты үшін тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан айырбастау қарастырылған.





Жоғары қарай