Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Бюджет қаражатын ұрлаған мектеп бухгалтері 3 жылға сотталды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 12:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Семейдегі №27 мектептің бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін 3 жылға сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Семей қаласының №27 жалпы орта мектебінің бас бухгалтері Әбдуәлиеваға қатысты қылмыстық істі аяқтады», - деді ол.

Агенттік тергеушісінің дерегінше, ол 3,2 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын заңсыз өзінің карточка шотына аудару арқылы ұрлаған.

«2020 жылғы 20 ақпанда Семей қалалық №2 сотының үкімімен Әбдуәлиева сотталып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды»,- деді Қайсар Баржақсынов.


Жоғары қарай