Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Чанжоудағы студент өлімі жазатайым оқиға салдарынан болған - ҚР СІМ

2019 жылдың 16 шілде 2019 15:51

ШАНХАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Чанжоуда (ҚХР) қаза тапқан студенттің туған-туыстарымен Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, Сандира Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлау салдарынан, Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті, 1995 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова көз жұмған болатын. Бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай Елшілігінде С. Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті.

Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, С. Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды«, - делінген сыртқы саясат ведомоствосының Telegram-да жарияланған хабарламасында.

Өткен кездесуде туған-туыстарына С.Серікханова қаза тапқан үйдің кіреберісіне орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді.

Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталған жоқ.

Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін Отанына жеткізуге көмек көрсетті. 2 мамырда С.Серікханованың мүрдесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Басты сөздер: Қытай, Оқиға, ҚР СІМ,
Жоғары қарай