Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Цифрлық революция болған ба? - Le Figaro

2019 жылдың 31 наурыз 2019 23:39 691

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның әлемге танымал Le Figaro басылымы «Цифрлық революция болған ба?» деген тақырыпта мақала жариялады. Бұл мақала бүгінде әлем бойынша кең талқыға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда цифрлық революция деп айтып жүргеніміз бар болғаны жарнама мен PR революциясы. Яғни, мәдениет индустриясы бөлігін қаржыландыру нәтижесі ғана. Париж институтының бір топ мамандары цифрлық революцияны анықтап, басқа салалардағы революция тереңдігін зерттеп көруе тырысты. Мысалы, қоғамдық сала, әлеуметтік салада цифрлық революция болған ба? Оған макроэкономикалық дәлел келтіруге бола ма? Міне, зерттеу авторлары осы сұраққа жауап іздеп көрген», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, 1987 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығын алған Роберт Солоу біз компьютерлерді жан жағымыздан көргенімізбен, өндіріс статистикасында байқамайтынымызды айтқан.

«Технология жетілген сайын өндіріс артты деп ойлаймыз. Дегенмен, нақты статистикаға қарасақ, технологиялар енгізілгеннен кейін АҚШ-тағы өндіріс көлемі кері кеткен. Бұл 1980 жылдан бері жалғасып келе жатқан тенденция» деп жазады автор. Оның айтуынша, цифрлық революция басты макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер етпегендіктен, цифрлық революция болды деп кесіп айтуға болмайды.

 

 

 

Автор: Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Ғылым, Әлем,
Жоғары қарай