Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Данэлия Төлешова ҚР UNESCO клубтары музыкалық челленджін бастады

2020 жылдың 24 наурыз 2020 17:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жас әнші Данэлия Төлешова ҚР UNESCO клубтары музыкалық челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншінің PR директоры Татьяна Синенконың айтуынша, Данэлия эстафетаны Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Талдықорған және Өскемендегі UNESCO клубтарына жолдады. Олар өз кезегінде басқаларға жолдамақ.

Челлендж қатысушылары ЮНЕСКО клубтарының әнұранынан кез келген тілде бір шумақ орындауы керек. Сосын видеоны Instagram желісінде #ЕдинствоКлубовЮНЕСКО хэштегімен орналастыруы тиіс. Ән мәтіні UNESCO мақсаты мен идеалдарына арналған. Жалпы алғанда әнұран әлемді сақтау мен жақсартуды дәріптейді.

Әншінің жанкүйерлері оның бастамасын қолдап, гимн мәтінін әлемнің әр тіліне аударуға уәде етті.

Айта кету керек, Данэлия жақында Қазақстандағы UNESCO клубы елшісі атанған болатын. Бұл челлендж - әншінің осы маңызды миссиясындағы бірінші қадам болып отыр.

«Бүгінде көп адамға оңай емес. Мен барлығы жақсы болатынына шын жүректен сенемін. Қазір барлығымызға бірігу керек. Мен Қазақстандағы UNESCO клубтарының елшісі ретінде #ЕдинствоКлубовUNESCO challenge бастаймын. Осы әнұранның минусы мен мәтінін @unescoclubskz сайтынан көре аласыздар», - деді әнші.


Жоғары қарай