Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Данир Қалдыбеков Алматыда өткен ATF Junior турнирінде жеңімпаз атанды

2019 жылдың 25 тамыз 2019 01:27

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық оқушы Данир Қалдыбеков халықаралық ATF Junior 14&Under Almaty G2 жасөспірімдер турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 жасар Данир – қалалық №4 спорт мектебінің оқушысы. Ол 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы үлкен теннис рейтингінде осымен үшінші жыл көш бастап келеді. Азия чемпионатының рейтингі бойынша, бүгінде Данир Қалдыбеков Үндістан өкілінен кейін екінші орында тұр.

Айта кетейік, тамызда 14 жасқа дейінгі балалар арасында Азия біріншілігі өткен болатын. Теннис турнирі 5-12 тамыз аралығында - Бішкекте, 19-24 тамызда – Алматыда ұйымдастырылды. Онда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан және Гонконгтан кішкентай спортшылар бақ сынады.

«Бішкектегі турнирде Данир дара және жұптық сайыстарда жеңіске жетті, - дейді теннисшінің әкесі және жаттықтырушысы, спорт шебері Данияр Қалдыбеков. – Ал Алматыда жұптық жарыста бірінші орынды иеленді. Даниярдың алматылық қарсыластары өте мықты болды. Тіпті, финалда да ол алматылық спортшымен ойнап, оны екі сетте ұтты. Айта кетейін, Данир бүкіл турнирде тек қана екі сеттен ойнап, өз біліктілігін айқын басымдықпен дәлелдеп отырды. Ешбір қарсыласына бір де бір сетті бермеді. Бүкіл матч бойында әрі кеткенде 3-4 геймнен жол берді. Қарсыластары өзінен бір-екі жас үлкен болғанына қарамастан бәрінен басым түсті».

Айта кетейік, Данир Қалдыбеков – спорт шеберлігіне кандидат. Үлкен тенниспен 5 жасынан бері айналысып жүр.

Жоғары қарай