Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Дания Еспаева Көкшетауда зауыт жұмысшыларымен кездесті

2019 жылдың 25 мамыр 2019 19:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Көкшетау қаласында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ұжымымен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл инвестициялық жоба 2016 жылы бастау алған. Оған мемлекет нөл пайыздық мөлшерлемедегі қосымша құн салығын енгізу арқылы қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар 12 мың шаршы метр көлемінде жер телімін беріп, тиісті инфрақұрылымын өткізген болатын. Қазір мұнда өндірістік цехтер мен көрме павильондары орналасуда. Өнеркәсіп 2018 жылы 3,5 млрд тг сомасындағы мыңнан аса техниканы жинаған. Жыл соңына дейін өндіріс көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Ал алдағы 2-3 жылда өнім экспортқа шығады деп күтілуде.

Дания Еспаева компанияның жұмысымен танысып, ұжымға сайлауалды бағдарламасын, оның кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған негізгі тұстарымен таныстырды. Компания басшылары мен Көкшетау қаласындағы өзге де бизнес-құрылым жетекшілері тұңғыш әйел үміткердің ұсыныстары қызықтыратынын айтты.

Жиында кәсіпорын жұмысшыларын ипотекалық несие беру, зейнетақы сынды мәселелерді көтеріп, сұрақ қойды. Кездесу барысында бұдан бөлек тақырыптар да қозғалды. Үміткер әрбір қойылған сұраққа тиянақты жауап беріп отырды.

Іс-шараға республикалық штабтың мүшелері, кәсіпкерлер, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы белсенділері қатысты.

Жоғары қарай