Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Данияр Елеусінов кәсіби рингте 8-ші рет жеңіске жетті

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 08:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі 8-ші жеңісіне қол жеткізді. деп хабарлайды Sports.kz.

Нью-Йоркте өткен бокс кешінде Олимпиада чемпионының қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикс болған еді. Ол осыған дейін 12 жеңіске қол жеткізген болатын және бокс сарапшылары Данияр Елеусінов үшін аса қауіпті қарсылас деп таныған-ды. Әйтсе де, жерлесіміз оны бірінші раундта нокдаунға жіберіп, артынан нокаутқа түсірді.

DAZN Twitter-дегі парақшасында «Қазақтар жайындай жапырды, Вау!» деп таң қалысты.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жектерде Данияр Елеусінов чемпиондық атаққа таласады.

Тоқтала кететін жайт, кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің Hulu Theatre кіші залында өтті.

Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай