Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 02:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби бокс» парақшасына сілтеме жасап.

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің 25 мамырға жоспарланған жекпе-жегіндегі қарсыласы 27 жастағы чили спортшысы Луис Норамбуэна (3-1-1) болды.

Қазақстандық спортшының кәсіби бокстағы істерімен айналысатын америкалық компанияның басшысы Зия Алиевтің айтуынша, Мэриленд штатының Атлетикалық комиссиясы қазақстандық пен мексикалық Мигель Замудио арасындағы жекпе-жекке келісім бермей қойған. Алайда чили боксшысымен рингке шығуға рұқсат еткен.

Еске салсақ, жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Елорда уақыты бойынша айқас уақыты 26 мамырдың таңертеңгі уақытына сәйкес келеді және жекпе-жек тікелей эфирден көрсетіледі.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді. Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген.

Автор Гүлсая Жақан
Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай