Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Дариға Назарбаева бастаған бір топ сенатор сенбілікке қатысты

2019 жылдың 12 қазан 2019 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Сенат депутаттары мен аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жолы көгалдандыру мен абаттандыру орны Мәңгілік ел және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы болды. Шара барысында аймаққа жүзден астам терек, қарағай, шаған және бөртегүл көшеттері отырғызылды. Ағаштар мен көшеттер елорданың жасыл белдеуінде орналасқан орман питомнигінен жеткізілді», - деді палатаның баспасөз қызметінен.

Бүгінгі экологиялық шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысқанын жазған болатынбыз.




Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйек-13 қазан аралығында экологиялық айлық өтіп жатыр. Оның аясында 12 қазан күні Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызу акциясы өтетіні белгіленген еді.




Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара еліміздің барлық өңірінде қолдау тапты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев атап өткендей, 12 қазан күнгі кампания барысында және жалпы күз айының соңына дейін республикада 1 миллионға жуық ағаш отырғызылады.







Жоғары қарай