Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Дариға Назарбаева ресейлік сенатор Константин Косачевпен кездесті

2019 жылдың 23 мамыр 2019 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы, Еуразиялық медиа форумы Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева мен Ресей Федерациясы Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачев әлемдік медиа кеңістігіндегі Еуразиялық медиа форумның рөлін талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ресейлік сенатор форум әлемдік және аймақтық ауқымдағы өзекті мәселелерді талқылауға қажетті пікірталас алаңына айналғанын атап өтті.

«Форум өсіп-өркендеп, даму үстінде, саны жағынан да, қатысушылар деңгейі жағынан да, пікірсайыстар ауқымы жағынан да қуатты шараға айналып келеді», - деп атап өтті ол. ЕАМФ ауқымы кең, сұранысқа ие күн тәртібін өрбіте түседі, деп есептейді Федерация Кеңесі комитетінің төрағасы.

Д. Назарбаева Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың ЕАМФ қатысушыларына арналған құттықтау сөзі мен форумға қатысқаны үшін К.Косачевке алғыс айтты. Құттықтауда «өзекті мәселелер жөніндегі форумның пікірі Еуразия аясынан тыс жерлерде естілетініне» сенім білдірілген болатын.



null

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың теңдесі жоқ әлеуетін атап өтті. Парламентаралық үнқатысу туралы айта келіп, тараптар Парламент Сенаты мен Федерация Кеңесінің салалық комитеттері арасындағы ынтымақтастықтың тиімді сипатына тоқталды және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы нәтижелі болып келе жатқанын атап өтті. Комиссияның 14-ші отырысы 24-25 мамырда Алматыда өтеді.



null

К. Косачев сондай-ақ Сенат басшысын Ресей Федерациясына сапармен келуге шақырды.

Басты сөздер: БАҚ, Парламент, Сенат,
Жоғары қарай