Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Дариға Назарбаева Сингапурды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

2019 жылдың 15 қазан 2019 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат басшысы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Сингапурдың Бірінші Премьер-министрі Ли Куан Ю негізін қалаған достық қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, Қазақстанға Сингапур инвестициясын тартуға мүдделіміз», - деді Парламент жоғарғы палатасының басшысы.

Сенат Төрағасы осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуына байланысты бизнес үшін тартымды жағдай қалыптасып отырғаны туралы айтып берді.

«Сингапурлық компаниялар Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен ынтымақтастықта «Астана» қаржы орталығының әлеуетін пайдалануға мүмкіндіктері бар. Бұл халқы 160 миллион адамнан асатын қарқынды дамып келе жатқан келешегі бар аудан», - деді Д.Назарбаева.

Тео Чи Хин ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауда айналымы жөніндегі келісімді ратификациялаудың маңызын атап өтті. Келісім Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы мен ЕАЭО елдері арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді», - деді Сингапурдың аға министрі.

Парламенттің жоғарғы палата басшысы Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамыту жоспарлары туралы хабардар етіп, Сингапур қазақстандық компаниялардың Оңтүстік-Шығыс нарыққа шығуының қақпасы бола алатынын атап өтті.

Сенат Төрағасы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын нығайтуға мүмкіндік беретін көлік-логистикалық хабта маңызды рөл атқаратын «Бір белдеу, бір жол» Қытай мегажобасының әлеуетін атап өтті.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Дариға Назарбаева елімізбен, оның көрікті жерлерімен және тұрғындарымен жақсы танысу мақсатында сингапурлық депутаттарды туристер ретінде келуге шақырды. Төраға Сингапур мен Қазақстан арасында тікелей әуе бағытын ашуды ұсынды.

Тео Чи Хин Сингапур цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуына зор үлес қосқанын және Сингапурдың жақын досы екенін атап өтті. Аға министр Елбасыны Сингапурға сапармен келуге шақырды.




Жоғары қарай