Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Дариға Назарбаева Ватиканға баруды жоспарлап отыр

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің басшысы Дариға Назарбаева Қазақстандағы Апостоль Нунцийі Фрэнсис Ассизи Чулликатты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ватикан өкілі бейбіт үнқатысу арқылы діндер мен мәдениеттер арасындағы келіспеушіліктерді еңсере отырып, жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның қызметін жоғары бағалады. «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі қазіргі замандағы өзекті мәселелер мен қауіп-қатерлерді шешуде ерекше алаң болып табылады», - деп атап өтті ол.




Сенат басшысы Қазақстан мен Ватикан арасындағы сындарлы іс-қимыл туралы айта келіп, Қазақстан Понтифик барған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз ел болғанын атап өтті. 2001 жылы Астанаға Папа II Иоанн Павелдің сапары еліміз үшін ерекше оқиғалардың бірі болды. Д.Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысында Ватиканға баруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сенат Төрағасы Ватикандағы педиатриялық клиника қызметінің табысты тәжірибесін атап өтіп, қазақстандық балаларға медициналық көмек көрсету және дәрігерлерді озық технологияларға оқытуды қамтамасыз ету үшін Ватикан мен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыруды ұсынды.

Қазақстандағы Апостоль Нунцийі Ватиканның діни қызметкерлерін визамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Олар жыл сайын визаны ұзартуға мәжбүр болады әрі ол ыңғайсыздық тудырып келеді. Сенат басшысы аталған мәселені бақылауына алды. Сыртқы істер министрлігінде осы бағыттағы жұмыстар басталған болатын, енді, мекемеаралық ресімдерді реттеу қажет.

Кездесу аясында Конфессияаралық және өркениетаралық даму жөніндегі Н.Назарбаев Орталығының БҰҰ ұйымдарымен ынтымақтастығының келешегі талқыланды.


Жоғары қарай