Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Дариға Назарбаева Жапония елшісімен кездесті

2019 жылдың 18 маусым 2019 19:02 641

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаиді қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мейманмен кездесу барысында Сенат басшысы Жапония Императоры Нарухитоның таққа отыруымен және «Рэйва» дәуірінің басталуымен жапон халқын құттықтады. «Рэйва - үйлесім табу, ол бүкіл адамзаттың арманы. Үйлесім дәуірі және оның күш-қуаты бүкіл әлемге таралғанын қалар едім. Жапония халқының табысқа жетуіне және өркендеуіне тілектеспін», - деді Д.Назарбаева.

null 

Сенат басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының 2016 жылғы Жапонияға сапары туралы пікірлерімен бөлісті және сол сапар барысында «кеңейтілген стратегиялық әріптестік» мәртебесі бекітілген және қабылданған маңызды саяси құжаттар Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастарына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Тараптар сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдағы экономикалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерді талқылады. Сенат басшысы эко және этно туризмнің ерекшеліктері туралы айта келіп жапон туристерін Қазақстанға шақырды. «Тікелей әуе қатынасын ашу жапон туристерінің санын арттырады деп үміттенемін. Сондай-ақ, біздің ел туралы көбірек хабардар болу үшін туристік агенттіктердің қатысуымен бірлескен конференциялар ұйымдастыру қажет», - деді Д.Назарбаева.

Жапония елшісі Сенат Төрағасына өз жоспарлары туралы айта келіп, Қазақстанға әкелінетін жапон инвестициясының көлемін арттыру - басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Д.Назарбаева осыған байланысты шетелдік инвесторларды қорғаудың қолайлы тетіктері, жеңілдетілген салық тәртібі, ағылшын құқығы мен тәуелсіз қаржы сотының қағидаларына негізделген Нұр-Сұлтандағы халықаралық қаржы орталығының жұмысы туралы жан-жақты айтып берді. «Шикізат экспортынан алшақтап, қосылған құны жоғары өнімді қайта өңдеуге ұмтылу қажет», - деді Сенат Төрағасы.

 

 

Басты сөздер: ҚР СІМ, Сенат,
Жоғары қарай