Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатының алтын медаліне таласады

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ниязбеков финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз жартылай финалда әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған үндістандық Баджранг Пунияны ұтып, күрес түрлерінен әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Ниязбековтің қарсыласы осыған дейін әлем чемпионаттарында күміс және қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Азия чемпионатында екі мәрте чемпион, сондай-ақ Азия ойындарында бір рет чемпион атанған еді. Міне, осындай тәжірибелі балуанды жерлесіміз жартылай финалда жарыс жолынан тайдырды.





Жерлесіміз Ниязбеков те осал балуан емес, ол - 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш рет Азия чемпионы атанған. Енді Дәулет әлем чемпионатының алтыны үшін сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дәулет Ниязбековтың Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай