Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Дәурен Абаев: Адамдар жалған ақпаратты ажырата білуі керек

2019 жылдың 25 маусым 2019 18:10 1345

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жалған ақпаратты ажырата білуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалған ақпаратты қамтитын роликтер көптеп кездесетіне тоқталған министр, осы орайда әрбір адам бұл мәліметтерді ажырата білуі керектігін жеткізді.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жетілдіріліп жатыр. Алайда жалған ақпараттарды да жетілдіру деңгейі байқалады», - деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің атап өтуінше, жалған ақпараттарды анықтауда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жалғыз күш-жігері жеткіліксіз.

«Баланы тәрбиелеуде (баланың дамуына зиян келтіретін мәліметтерге тосқауыл бойынша) ата-ананың да күш-жегері керек. Яғни, балалар нені көріп жатқанын немен айналысып жатқанын қарау қажет. Білім және ғылым немесе Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері осының барлығын қадағалай алмайды. Бұл бағыттағы шараларды ата-аналар да назарда ұстауы керек», - деді министр. 

 

Жоғары қарай