Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Дәурен Абаев әлемге әйгілі PR-маманының Алматы туралы сұхбатына қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 13 маусым 2019 22:19 693

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлемге әйгілі PR-маманы Марион Зальцманның Алматы туралы сұхбатына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Абаев Геннадий Головкин мен Қазақстан футбол құрамасының жеңісін өткен аптаның ең бір жарқын сәті деп бағалады.

«Филипп Морис» компаниясының вице-президенті Марион Зальцманның өткен аптадағы сұхбаты ерекше есімде қалды. Ол Қазақстанға бірінші рет келіпті.  Өзі сұхбатында мұндай Алматыдай әдемі қаланы өте сирек кездестіргенін айтқан. Қазақстан туралы, Алматы туралы ақпаратты көп іздегенін айта келіп, «Софияны көремін деп күткен едім. Бірақ мен Сан-Францисконы көргендей болып қайттым» депті. Әлемнің көптеген қалаларын көрген танымал маманның бұл пікірі үлкен лебіз деп ойлаймын», - деді министр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай