Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Дәурен Абаев діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі конференцияға қатысты

2019 жылдың 19 шілде 2019 12:35 244

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі екінші министрлік конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның бастамасымен шақырылған Діни сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі екінші министрлік конференцияның жұмысына қатысты.

Іс-шараға әлемнің 115 елінен келген сыртқы саяси ведомство басшылары, сондай-ақ 1000-нан астам діни көшбасшылар мен азаматтық белсенділер қатысты. Бұл форум қатысушылар саны мен құрамы бойынша ең көп өкілдіктерімен ерекшеленді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған елдің жаңа басшылығы Қазақстанның діни сенім бостандығын және адамның іргелі құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттарын ұстанатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанның Үкіметі діни бірлестіктердің қызметі және конфессияаралық диалогты нығайту үшін қажетті жағдайларды жасау жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті.

Дәурен Абаев Конференцияға қатысушыларды конфессияаралық диалогты ілгерілету және әртүрлі конфессия ұстанушыларының арасында өзара түсінісуге көмектесу жөніндегі келісілген шешімдерді талқылау үшін бірегей алаңға айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізудегі Қазақстан тәжірибесі туралы хабардар етті.




Министр сондай-ақ Қазақстанның экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, соның ішінде ҚР азаматтарын Сириядағы жауынгерлік іс-қимыл аймақтарынан репатриациялау және олардың қазақстандық қоғамға кірігуі жөніндегі күш-жігері туралы айтып берді. Ол біздің еліміздің осы саладағы білімі мен тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты.

Өз сөзінің соңында министр Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және әлемдегі діни еркіндікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа әрқашан ашық екенін атап өтті.




Конференция шеңберінде Дәурен Абаев АҚШ Елшілігінің халықаралық діни бостандықтары бойынша арнайы тапсырмалар жөніндегі Елші С.Браунбэкпен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері бойынша көмекшісінің орынбасары М.Келлехермен келіссөздер жүргізді. Тараптар конфессияаралық келісім, экстремизмге қарсы тұру және азаматтық қоғамды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Гуманитарлық күн тәртібіндегі осы және басқа да мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 




Жоғары қарай