Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Дәурен Абаев Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 28 наурыз 2019 21:10 636

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қызылорда облысы Жалағаш ауданында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағына қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, қаза тапқандардың туған-туыстарына, отбасыларына қайғыра көңіл айтқым келеді. Бұл - орны толмас ауыр қаза. Бүкіл халық олармен бірге қара жамылды. Президент мәлім еткендей, марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті материалдық көмек көрсетілетін болады. Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде жағдай туралы ақпарат таратуда. Бізге Қорғаныс министрлігінің жанынан құрылған комиссия жүргізетін тергеу жұмыстарының ресми нәтижесін күту ғана қалды», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі -  13 адам қаза тапты.  

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады. 

 

 

 

Жоғары қарай