Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Дәурен Абаев СҚО-да табылған көне мазар туралы айтты

2019 жылдың 3 қазан 2019 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Солтүстік Қазақстан облысында табылған көне мазар орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау туралы тапсырма берген еді. Кеше ғана Солтүстік Қазақстанда зерттеу жүргізіп жатқан археологтардан қуанышты хабар жетті. Олар Алтын Орда дәуіріне жататын көне нысан тапты. Әзірге мазар немесе кесене деген болжам айтылуда. Бұл орында қалашық болды деп айтуға негіз бар. Өйткені, арық жүйесінің, суландыру жолдарының қалдығы табылған. Бұл Алтын Орда мерейтойын тойлау қарсаңындағы жағымды жаңалық», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Айта кетейік, 2 қазанда археологтар Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында тарихи маңызы бар көне мазарлардың орнын тапты.

Бұл жерде қыркүйек айынан бері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тарихшылары қазба жұмыстарын жүргізген.

Жоғары қарай